Шығыс Қазақстанда биыл қандай әлеуметтік нысандар салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов биыл салынып бітетін әлеуметтік нысандарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы мен халықты сапалы ауызсумен қамту мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

«Өткен жылы қолға алынған жобалар биыл міндетті түрде аяқталатын болады. Атап айтқанда, Өскеменде студенттік жатақхана, Риддерде мектеп, Қайнар, Таврия және Бозанбай ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы мәресіне жетпек. Сондай-ақ осы жылы Өскемендегі Абай даңғылында орналасқан медициналық орталықта қабылдау бөлмесін қайта құру және диагностикалық бөлімшені жаңғырту жұмыстары басталады», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында көптеген жобалар іске асырылып жатыр.

«Красин кентінде су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Блокты-модульді станциялар Жаңа Шүлбі кенті мен Зайсан ауданы Шалқар ауылында салынатын болады. Бұдан бөлек, Үржар ауданында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде», - деді облыс әкімі.



Соңғы жаңалықтар