Шығыс Қазақстанда биыл егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 14,6 мың гектарға артты. Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл шаруалар күннің күрт жылуына байланысты егіс жұмыстарын жылдағыдан ерте бастады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы - 1393,3 мың га. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 14,6 мың га артық.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін облыстық бюджеттен 6 млрд теңге субсидия бөлінген. Бұл - 2021 жылғы сомадан 577 миллион теңгеге көп.

«Атап айтқанда, тұқым шаруашылығын қолдауға - 2 млрд 367 млн, минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға - 2 млрд, пестицидтердің бағасын арзандатуға - 1 млрд 472 млн, суармалы суды жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялау үшін - 179 млн теңге қарастырылған. Аймақ бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 601,9 мың гектарға, оның ішінде күздік дақылдар 36,5 мың, майлы дақылдар 484,7 мың, азықтық дақылдар 274,4 мың, картоп 19 мың, көкөністер мен бақша өнімдері 13,3 мың гектарға егілді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 116 жағажайда шомылуға тыйым салынғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар