Шығыс Қазақстанда биыл 84 монша өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 3 монша өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, демалыс күндері өрт сөндірушілер 3 моншаны шарпыған жалынды ауыздықтады.

«Алғашқы өрт Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында шыққан. Тілсіз жаудың жалпы ауданы – 4 шаршы метрді құрады. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болған», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Риддер қаласында монша жанып кетті.

Полярная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында 20 шаршы метр аумақта моншаның ағаш құрылымдары өртенген.

Өрттің шығуына пешті орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін.

Үшінші өрт Өскеменде Чапаев көшесіндегі моншада шыққан.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 84 моншада өрт болды.


Соңғы жаңалықтар