Шығыс Қазақстанда биыл 700-ден астам жер үй өртенген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өңір бойынша өрттің шығу себептеріне талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрттің шығуының негізгі себептері – отты жағу кезіндегі салақтық (483 оқиға), электр жабдықтарын пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын сақтамау (224) және пеш пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (191). Жыл басынан бері өңірдегі 1145 өрттің 740-ы тұрғын үй секторында болды.

«Мәселен, 6 қазанда сағат 18:00 шамасында Семейдегі Набережная көшесінде барак үлгісіндегі тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар келгенде үй жабыны, есігі, іштегі жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпып жатты. Өрт сөндірушілер үйден сыйымдылығы 27 литрлік бір газ баллонын шығарып үлгерді», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалпы ауданы 30 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болған.

«7 қазанда Семей қаласындағы Горная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде жиһаз, жеке заттар мен үй төбесінің ағаш құрылымдары өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Жалпы ауданы 64 шаршы метрге жеткен жалын толықтай сөндірілді. Өрттің шығуына от жағу кезіндегі салақтық себеп болуы мүмкін», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар