+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда биыл 70-тен астам монша өртенді

2021 жылғы 23 қыркүйек 20:50
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда биыл 70-тен астам монша өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 70-тен астам монша отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да биыл тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, пәтерде болған әйел мен еркек күйіп қалды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы уақытта өңір бойынша монша өрті жиілеп кетті. Соңғы оқиға 22 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Пограничная көшесінде болған.

«Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетіп, 15 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтады. Өрттің шығу себебі – пеш мұржасын төбе жабындысының ағаш құрылымдарынан шығару кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы блып отыр. Дәл осындай себеппен бір күн бұрын Риддердегі Малая Таловка көшесінде орналасқан жер үй қасындағы монша өртенді. Өрт сөндірушілері көп ұзамай қызыл жалынды өшірді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері облыс бойынша 70-тен астам монша өртенген. Статистика көрсеткендей, моншалар көбінесе пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудан, отты абайсыз пайдаланудан, электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзудан өртеніп жатады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT