Шығыс Қазақстанда биыл 6800 түлек ҰБТ тапсырады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 6800 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде 6 мамырдан ҰБТ тапсыру кезеңі басталды. Шығыс Қазақстаннан 6 864 түлек жоғары оқу орындарына гранқа түсу үшін тестілеуге қатысады.

Осы ретте облыстық білім сапасын бақылау департаментінің өкілдері тестілеу кезінде бақылаушылар тізіміне енгізілген.

Департамент басшысы Зейнеп Мақсұтованың айтуынша, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады, ал тестілеудің күні мен уақытын өздері таңдайды.

Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер ең жақсы нәтижесін ұсынады.

«Талапкерлер тестілеуді артық дау-дамайсыз тапсыру үшін бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалды. Тағы бір артықшылығы – ҰБТ нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін бірден көрінеді. Сондай-ақ қатысушы өзі дұрыс жауап бермеген сұрақтарды бірден көреді», - деді ол.

Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, талапкер келесі күнді күтпей-ақ сол жерде электронды шағым жібере алады.

Қазіргі уақытта тестілеуге 1780 адам қатысқан. Белгіленген ережелерді бұзғаны үшін 16 адам шығарылды.


Соңғы жаңалықтар