Шығыс Қазақстанда биыл 4200 тоннадан астам пішен жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері бір күнде 4 жалынды сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданында жеке тұрғын үй ауласында шаруашылық қора-жай мен 5 тонна шөп өртенген. Жалын шарпыған аумақ – 100 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолданудан болуы мүмкін.

«Алтай ауданында жекеменшік гаражда өрт болды. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Сондай-ақ Жамбыл көшесіндегі жер үй ауласында 10 тонна шөп жанған. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Жарма ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының бойында орналасқан шаруа қожалығында 125 тонна пішен өртенді. Жалпы өңір бойынша жыл басынан бері 4200 тоннадан астам пішен жанып кеткен.


Соңғы жаңалықтар