Jańalyqtar
Шығыс Қазақстанда биыл 36 ауылға ауызсу тартылады
2020 жылғы 19 ақпан 16:40
Бөлісіңіз:

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 36 ауылға ауызсу тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
«Осы жылы таза ауызсумен қамтамасыз етілген ауылдардың санын біршама арттыруымыз керек. Жоспар бойынша 36 ауылға ауызсу тартылады. Нәтижесінде 11 мың ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады», - деді аймақ басшысы.
Бүгінде елді мекендердің 81%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген. Өткен жылы ауылдарға 77 блок-модульдік станция орнатылыпты. Биыл осындай - 50, 2021 жылы - 49 станция орнату жоспарланған.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды
- Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қадағалады
- Жаңа Экокодекс: Кәсіпорындар үшін «ластаушы төлейді» қағидаты енгізілді
- Коронавирус: Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр
-
Өскеменде автобус жүргізушілері бір күнде 50 рет заң бұзған
-
Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER