+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда биыл 21 спорттық нысан бой көтермек

2021 жылғы 26 ақпан 14:53
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда биыл 21 спорттық нысан бой көтермек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылы 21 спорттық нысан салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Канада әйелдер хоккейінен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Шығыс Қазақстанда спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы халық алдында есеп берген аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өтті.

«Коронавирус пандемиясына қарамастан өңір спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 2 мыңнан астам медаль иеленді. Жастарды салауатты өмір салтына шақыру мақсатында 6 спорт нысаны, атап айтқанда Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде, Жарма ауданының Шар қаласында, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында және Үржар ауданының Мақаншы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ Күршім мен Үржар аудандарында жүзу бассейндері салынған», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, биыл 21 спорт нысаны бой көтереді. Атап айтқанда, бұрынғы тоғыз аудан орталығында балалар спорт мектептері ашылады. Бұдан бөлек, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Самар, Таврия, Бозанбай, Айыртау, Ақсуат, Бородулиха, Қайнар ауылдарында және Серебрянск, Шемонаиха, Аягөз қалаларында 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ.

Күршім ауданының Қалжыр ауылы мен Үржар ауданының Қабанбай ауылында екі спорт модулін ашу жоспарланып отыр. 2021 жылы облыс мектептеріндегі спорт секцияларының санын 1268-ге көбейтеміз. Дене шынықтыру мұғалімдері бұл жұмыс үшін үстемақы алатын болады», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT