Шығыс Қазақстанда биыл 19 көпір салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 1 074 шақырым жол жөнделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 3 414 шақырым. Биыл оның 1 074 шақырымы жөнделіп жатыр. Бұл жайлы баспасөз конференциясы барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Асылбек Нұғманов мәлімдеді.

«Биыл жолдарды қайта жаңартуға, күтіп-ұстауға, күрделі және орташа жөндеуге 33 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 869 шақырым болатын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» сынды екі маңызды көлік дәлізін реконструкциялау жалғасуда», - деді ол.

Асылбек Нұғмановтың айтуынша, бүгінгі таңда жобаларға сәйкес 490 шақырым асфальт-бетон жабындысы мен 600 шақырым жолдың негізі қаланып, үш көлік айрығы, 19 көпір және 375 су өткізу құбыры салынды.

«Биыл республикалық маңызы бар «Таскескен-Бақты» тасжолының 20 шақырымы пайдалануға берілді. Катонқарағай ауданындағы Берел ауылы мен «Рахман қайнары» шипажайы арасындағы төрт көпірді күрделі жөндеудің жоба-смета құжаттамасын түзету жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру 2022 жылға жоспарланған», - деді филиал директоры.


Соңғы жаңалықтар