Шығыс Қазақстанда биыл 15 өрт бекеті ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 15 өрт бекетін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір өңір бойынша 63 өрт бекеті бар. Олар өрт сөндіру қызметі жоқ елді мекендерде орналасқан. Мұндағы мақсат – тұрғын үйлерде және далада шыққан қызыл жалынды жылдам ауыздықтау.

«Жыл сайын облыста жаңа өрт бекеттері құрылуда. Өткен жылы осындай 4 бекет (Бородулиха ауданында – 2, Ұлан ауданында – 1, Көкпекті ауданында – 1) ашылған. Биыл олардың саны тағы 15-ке көбеймек (Бесқарағай ауданында – 3, Глубокое ауданында – 3, Катонқарағай ауданында – 2, Үржар ауданында – 2, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Тарбағатай және Алтай аудандарында бір-бірден). Сәуір айынан Шемонаихадағы өрт бекеті өз жұмысын бастаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бекеттер ауылдардан 20 шақырымдай жерде орын тебеді. Онда 4 адам тәулік бойы кезекшілік атқарады. Әр өрт бекеті сол маңдағы төрт елді мекендегі өрт ахуалын бақыламақ.

Соңғы жаңалықтар