Шығыс Қазақстанда биыл 149 көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 149 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 149 көлік отқа оранған. Соның салдарынан көлік иелеріне келтірілген материалдық шығын мөлшері – 32 миллион теңгеден асып отыр.

Соңғы өрт 3 қараша күні Жарма ауданында болды. «Омбы-Майқапшағай» тасжолында келе жатқан 2014 жылғы «Chacman» маркалы жүк көлігі жанған.

«Тілсіз жау қозғалтқыштың жанғыш бөлшектерін, аспаптар панелін, салонның ішкі қаптамасы мен доңғалақтардың алдыңғы қақпақтарын шарпыды. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған қызыл жалын толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар