Шығыс Қазақстанда биыл 143 көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 143 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл құтқарушылар көлікті шарпыған 143 өртті сөндірді. Соның салдарынан келтірілген шығын мөлшері 32 миллион теңгені құрады.

- Мәселен, Өскеменде 1994 жылы шыққан «Audi 80» маркалы автокөлік жүріп келе жатып өртенген. Тілсіз жау мотор бөлшектерін, аспаптар панелін, салон мен доңғалақтарға жайылды. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған жалынды толықтай ауыздықтады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылардың дерегінше, көліктегі өрттердің негізгі себептері - көліктегі электр жабдықтарының ақаулығы және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.


Соңғы жаңалықтар