Шығыс Қазақстанда биыл 1125 көпбалалы отбасына баспана берілді

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 1125 көпбалалы отбасына баспана берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз ауданында болып, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған 20 үйдің кілтін табыстады.

Жаңа пәтерлерді көпбалалы отбасылар, мұғалімдер мен дәрігерлер алды.

«Аягөз ауданы осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша көш басында тұр. Онда 182 үй салынды. Бұл Жаңа ауыл деп аталатын жаңа аудан, онда барлық қажетті коммуникациялар, жол мен жарық бар», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға 1049 пәтер берілген. Ал биыл 1125 көпбалалы жанұя қоныс тойын тойлады.

«Аягөз тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық - бір жылдың ішінде салынған студенттер жатақханасының ашылуы болды. Ол тау-кен металлургиясы және басқа да өнеркәсіп салалары, соның ішінде Ақтоғай КБК саласында мамандар даярлайтын политехникалық колледж студенттеріне арналған. Жатақхана жайлы, өзінің спортзалы, ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған бөлмелері бар», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар