Шығыс Қазақстанда биыл 100-ден астам жер үй өртенді

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 100-ден астам жер үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласында Островский көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалын үй шатырының ағаш құрылымдарына, кіреберісі мен моншаға жайылды.

«Өртті сөндіруге 3 техника мен жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды. Көп ұзамай 164 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Үй иесінің азаматтық некедегі жұбайы денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жалынның шығу себебін мамандар анықтап жатыр», - делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері өңір бойынша жеке тұрғын үйлерде 100-ден астам өрт болды. Олардың көбісінде - отты абайсыз қолданудан, электр құралдарын пайдалану және пешпен жылыту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт шыққан.


Соңғы жаңалықтар