Шығыс Қазақстанда биыл 100 дәрігер шетелде біліктілігін арттырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 341 медицина қызметкері Еуропа елдерінде біліктілігін арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын барысында медицина және білім саласына қатысты сөз қозғалды.

«Денсаулық сақтау саласына соңғы бес жылда мол қаржы құйылды. Соның нәтижесінде, ауруханаларға заманауи жабдықтар көп алынды. Бірақ жаңа жабдықтармен дәрігерлеріміз жұмыс істей алуы тиіс. Сондықтан ақ халаттылардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы бағдарлама қабылдадық. Сол уақыттан бері бес мың дәрігер білімін шыңдаса, оның 341-і Еуропаның үздік клиникаларына барып келген», - деді ШҚО әкімі.

Оның айтуынша, осы бағдарлама алдағы уақытта да жалғасын табады. Биыл 100 дәрігер шетелде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алмақ.

«Білім саласына қатысты айтар болсақ, қазақ тілі мұғалімдерінің 49 пайызының білім деңгейі төмен. Сол үшін ақпан айынан бастап ұстаздарды қосымша оқытып жатырмыз», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемендегі 19 көшенің атауын өзгерту ұсынылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар