Шығыс Қазақстанда бір жылдың ішінде 23 миллионнан астам ағаш отырғызылған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 23 миллионнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соңғы бір жылда 23 миллионнан астам жасыл желек отырғызылған.

«Орман иелері 4100 гектардан астам аумаққа ағаш екті. «Семей орманы» қорығының аумағында 3600 гектарға көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мамандар 18 гектардан астам аумаққа қарағай тұқымын септі. «Катонқарағай» табиғи паркінде 184 мың түп ағаш отырғызылды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ облыстағы 10-нан астам орман шаруашылығы коммуналдық мекемесінде 548 гектар алқапқа екі жарым миллионнан астам көшет егілген.


Соңғы жаңалықтар