Шығыс Қазақстанда бір күнде мас күйде көлік жүргізген 17 адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде мас күйде көлік жүргізген 17 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 14 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы басталған. Бір күн ішінде 38 қылмыс тіркеліп, оның 27-сі ашылды. Сондай-ақ бұрын жасалған 10 қылмыс ашылған.

Іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталып, есірткі заттарын сақтаудың 2 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, полицейлер заңсыз сақталған 6 қаруды тәркілеген.

«Мәселен, Бородулиха ауданының 63 жастағы тұрғынының үйінен 16-калибрлі тегіс ұңғылы 1958 жылғы аңшы мылтығы табылды. Ер адам бұл қаруды 2019 жылдың күзінде Үбе өзенінің жағасынан тауып алғанын жеткізді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды», - делінген ақпаратта.

Бір тәулік ішінде 1711 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде ұсақ бұзақылық – 208, қоғамдық орында мас күйде жүру – 287, ішімдік ішіп рульге отыру – 17.



Соңғы жаңалықтар