Шығыс Қазақстанда бір күнде 9 мың адам ревакцинациядан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде 9 мың адам ревакцинациядан өтті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде коронавирусқа қарсы ревакцинациялау науқаны белсенді жүргізілуде.

Соңғы тәулік ішінде 9 мыңнан астам адам вакцинаның үшінші компонентін салдырған.

Бірінші ақпанға қарай облыс бойынша 238 мың адам ревакцинациядан өтеді деп күтілуде. Бүгінде стацонарлардағы төсек-орын қорының жүктемесі - 17 пайыз.

Медициналық мекемелерде коронавирус жұқтырған 251 науқас емделуде. Реанимациялардағы пациенттер саны 9 пайызды құрап отыр.

«COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны күн сайын азайып келеді. Демек, аймақта шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіледі. Бұған дейін де шағын бизнес өкілдеріне қатысты кейбір шектеулер алынып тасталған болатын. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар