Шығыс Қазақстанда бір күнде 5 өрт шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 5 өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте өңір бойынша 5 өрт болған.

«Өскеменде пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан 3 өрт шықты. Дальневосточная көшесінде шаруашылық қора-жайдың шатыры жанған. Ал «Мичуринец» саяжай қауымдастығындағы жеке тұрғын үйде шыққан қызыл жалынның жалпы ауданы 31 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ Северная көшесінде 2 қабатты үйдің асбөлмесінде еденнің ағаш құрылымдары мен жиһазды жалын шарпыған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар бөлмеден газ баллонын шығарып үлгерді», - делінген ақпаратта.

Семей қаласында «Бобровка» саяжай қауымдастығының аумағындағы үй өртенді. Өрт сөндірушілер 1 газ баллонын шығарып, 120 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтады.

«Алтай ауданында жеке тұрғын үйде өрт болды. Шатырдың ағаш құрылымдары, жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар өртенді. Қызыл жалын «Фольксваген» маркалы автокөлікке де жайылды. Көп ұзамай жалпы ауданы 63 шаршы метрді құраған от өшірілді», - делінген мәліметте.




Соңғы жаңалықтар