Шығыс Қазақстанда бір айда 851 қылмыс ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері соңғы бір айда 851 қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 15 қаңтардан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

Сол уақыттан бері тәртіп сақшылары 851 қылмысты ашты. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 адамды тапқан. Барлығы 11 000 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Оның ішінде мас күйде көлік айдағандар да тіркелді. Мәселен, полиция қызметкерлері 34 жастағы Көкпекті ауданының тұрғыны тізгіндеп келе жатқан автокөлікті тоқтатқан. Ер адам бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да рульге отырған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды», - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сот шешімімен азаматқа 214 410 теңге айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар