Шығыс Қазақстанда азық-түліктің 8 түрі қымбаттады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында азық-түліктің 8 түрі қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде облыстық штаб отырысы өткізілуде. Алайда соған қарамастан жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда тауар бағасының индексі республикалық көрсеткіштен 0,4 пайызға жоғары болып отыр.

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, биыл Өскеменде сәбіз, картоп, қырыққабат, пияз, күнбағыс майы, тауық еті, қарақұмық жармасы және қант қымбаттаған.

«Азық-түлік құнына үнемі мониторинг жүргізіліп, бағаны тұрақтандыру мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Мәселен, ұн, қант, жұмыртқа мен көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін «Крупнофф», «Агрофирма «Приречное», «Semey Qus» ЖШС-ларына мемлекет тарапынан несие берілді. Олардың өнімдері Өскемен, Семей қалаларындағы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда павильондарында бекітілген бағамен сатылып жатыр», - дейді басқарма басшысының орынбасары Ольга Григорьева.

Сонымен қатар «Ертіс» корпорациясы 3 мың тонна картоп пен 400 тонна сәбіз саудалауда. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша 44 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар