ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында азық-түлік қоры жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңірде азық-түлік қоры жеткілікті.
«Ауыл шаруашылығы саласындағы мекеме жұмыстары тұрақты. Сүт, ұн, ет өндіруде еш іркіліс жоқ. Тауарларды базарларға жеткізу жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Сауда нысандары азық-түлікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, облыс бойынша коменданттық сағатты сақтай отырып барлық кәсіпорындар, дүкендер, дәріханалар мен медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде. Жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша да жағдай тұрақты.