+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

2021 жылғы 22 шілде 16:37
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ертіс жағалауын тазарту бойынша халықаралық экологиялық акция басталды - ШҚО ШҚО-да 27  әлеуметтік-мәдени нысан салынбақ 13 достық үйінде «Шығыс Қазақстан – жанжалсыз аумақ» жобасы жүзеге асырылуда - ШҚО

Жыл басынан бері өңірде көкөністің, күнбағыс майының, қант пен сүт өнімдерінің бағасы біршама өскен. Сарапшылардың айтуынша, бұл өткен жылғы егін өнімдерінің азаюынан, коммуналдық қызметтер тарифтерінің қымбаттауынан және Ресей Федерациясынан келетін қаптама материалдар бағасының жоғарылауынан болды.

1 шілдеден бастап «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға жасалған түзетулер күшіне енген. Енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатушылардың бағаны 15 пайыздан асырмауын қадағалайтын болады. Осы ережені бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаштың айтуынша, шаһарда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы мониторингтік топтар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта олар кәсіп өкілдеріне заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында сауда нысандарын жиі аралауда.

«Бағаны реттеу үшін қаладағы кәсіпкерлермен 210 меморандум жасалды. Сондай-ақ біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын 30 сауда орнын іске қостық. Жоспар бойынша 2021-2022 жылдары тұрақтандыру қорына 2,9 мың тонна картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат жеткізілмек», - деді Александр Светаш.

Бұдан бөлек, «Ертіс» ӘКК-нің сауда павильондарында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 8 түрі 20 пайызға дейінгі төмен бағада сатылып жатыр. Атап айтқанда, бірінші сортты ұн - 155 теңге, қант - 290 теңге, күріш - 231 теңге, қарақұмық - 325 теңге, күнбағыс майы - 600 теңге, тұз - 50 теңге, кеспе - 200 теңге, жұмыртқа - 300 теңге.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT