Шығыс Қазақстанда аязды күні жолда қалған 3 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында құтқарушылар аязды күні жолда қалған 3 адамды үйлеріне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қаңтар таңғы сағат 06:00 шамасында «Мицубиси Паджеро» көлігінің жолаушылары құтқарушыларға хабарласып көмек сұрады.

Белгілі болғандай, ауа температурасының күрт суытуының салдарынан Барышовка және Жерновка ауылдарының арасындағы тасжолда көліктің дизель отыны қата бастаған.

Сол кезде Бородулиха ауданында сынап бағанасы -30 градусты көрсеткен еді.

«Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар «Нива Шевролет» көлігімен 3 адамды эвакуациялады. «Мицубиси Паджеро» автокөлігін сүйреуге сол маңнан өтіп бара жатқан «ВАЗ 2115» көлігінің жүргізушісі көмектесті» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар