Шығыс Қазақстанда аурухана аумағына елік кіріп кетті

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аурухана аумағына елік кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарбағатай» ұлттық паркінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 24 қаңтар күні Үржар ауданында болған.

«Бізге аудандық аурухана аумағында елік кіріп кетіп, шыға алмай жүргені туралы хабар түсті. Ұлттық парк қызметкерлері ақпаратты ала сала оқиға орнына аттанды. Сол жерге келген кезде жануардың қалың қарға батып, қозғала алмай тұрғаны анықталды», - дейді «Тарбағатай» ұлттық паркі табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің аңшы-биологы Елена Красон.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tarbagatai National Park (@tarbagatai_2018)

Оның айтуынша, елікті ұстағаннан кейін тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорыққан жануар ұрғашы, әрі жас Сібір елігі болып шықты.

«Жануарды тексеру кезінде оған ешқандай зақым келмегені белгілі болды. Еліктің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Тексеруден кейін елік қауіпсіз жерге жеткізіліп, еркіндікке жіберілді», - дейді Е.Красон.


Видеодан алынған кадр/instagram.com/tarbagatai_2018

Соңғы жаңалықтар