Шығыс Қазақстанда 91 мыңнан астам адам Pfizer екпесінің екі компонентін салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 91 мыңнан астам адам Pfizer екпесінің екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 104 911 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 92 852 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3482 жүкті және 8577 бала емізетін әйел екпе алды. Ал вакцинаның екі компонентін 91 484 адам салдырған», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 13 710 адам үшінші рет вакцина алып отыр.


Соңғы жаңалықтар