Шығыс Қазақстанда 83 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 83 367 адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша 12-18 жас аралығындағы 76 500-ден астам бала екпе алды. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 1570 жүкті және 5200-ден астам бала емізетін әйел екпе салдырған», - делінген ақпаратта.

Осы санаттағы азаматтар вакцинаның екінші компонентін де алуда. Нақты айтқанда, 20 мыңға жуық адам вакциналау процедурасын толықтай аяқтады.


Соңғы жаңалықтар