Шығыс Қазақстанда 800 тоннадан астам пішен жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 800 тоннадан астам пішен жанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан 840 тонна пішен жанып кетті.

«Өрт сөндірушілер апта сайын жем-шөп сақталатын жерлерде, пішен жиналған сарайларда шыққан қызыл жалынмен күресуге аттанады. Мұндай өрттер Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім аудандарында тіркелген. Көп жағдайда өрт шығуының негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өрттің алдын алу мақсатында құтқарушылар шаруа қожалық иелері мен саяжай тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар