+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 800-ге жуық адам кәсібін бастау үшін мемлекеттік грант алды

2019 жылғы 5 қараша 19:09
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 800-ге жуық адам кәсібін бастау үшін мемлекеттік грант алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік грантты - 219 адам, 200 АЕК-ке дейінгі грантты – 579 адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі Қаражат бар, нәтиже жоқ: Вице-премьер «Еңбек» бағдарламасының орындалуын сынға алды

«Ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты.

«Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір бағыты – азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында 8 112 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 056-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 264 адам жастар практикасына және 5 792 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді», - дейді баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT