Шығыс Қазақстанда 80 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды

None
None
ГЛУБОКОЕ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство 13 шілде күні таңғы сағат 4-те Глубокое ауданындағы Горная Ульбинка ауылында жеке тұрғын үйде өрт болғанын хабарлады. Жалын 49 шаршы метр аумаққа тараған. Құтқарушылар жеке тұрғын үйге келгенде қабырғалардың, жабынның, шатырдың, терезе және есік блоктарының ағаш құрылымдары, сондай-ақ жиһаздар, жеке заттар жанып кеткен. Өрт салдарынан шатыр құлаған.

Құтқару жұмыстары барысында 80 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жалынды ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі сөндірді. Үй толығымен жанып кетті. Өртті сөндіруге барлығы 12 адам және 3 техника жұмылдырылды.

Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өздерінің және жақындарының қауіпсіздігі туралы алдын ала ойлануға шақырады.


Соңғы жаңалықтар