Шығыс Қазақстанда 7700-ге жуық үйді су басу қаупі бар

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 7700-ге жуық үйді су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда облыста күн жылытып, қар еріп жатыр. Аймақтағы қар биіктігі 1 см-ден (Тарбағатай ауданы) 133 см-ге дейін (Күршім ауданы Марқакөл қорығы) жетеді.

«Шығыс Қазақстанда гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендерде судың деңгейі төмен. Мұздың орташа қалыңдығы – 80 см. Қарғын суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін Бұқтырма су қоймасындағы реттеуші сыйымдылығы – 20 млрд 722 млн текше метр», - делінген ақпаратта.

Облыс аудандарында барлығы 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Ондағы 7682 үйде 23 576 адам тұрады. ТЖД мамандарының көпжылдық деректері бойынша су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандары үшін жоғары.

Айта кетейік, өңірде су тасқыны қаупі жоғары кезеңде 838 техника, 179 мотопомпа және 111 эвакуациялық пункт дайындалған.


Соңғы жаңалықтар