+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 765 нысан Ashyq жобасына қосылған

2021 жылғы 23 маусым 14:33
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 765 нысан Ashyq жобасына қосылған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ashyq жобасына 765 нысан қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: «Ashyq» жобасының 11 қатысушысы екі аптаға шеттетілді - Павлодар облысы Астана сауда орталықтарында тәртіп бұзылса, ол екі айға Ashyq жүйесінен шығарылады Алматыда табиғи қорықтар мен резерваттарға саяхаттауға рұқсат берілді

ШҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша Ashyq жобасына 765 нысан қосылды.

Оның ішіндегі 553-і ресми түрде жобаға қатысуда, 212-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. Ал келушілерді QR коды бойынша аз тіркеген 17 нысан жобадан шығарылған.

«Әлеуметтік маңызы бар нысандардың ішінде Семей қаласының әуежайы мен Өскемендегі теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылған. Сондай-ақ Семейдегі теміржол вокзалы да 1 шілдеден бастап қосылуы тиіс», - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Айта кетейік, елімізде 26 сәуірде іске қосылған Ashyq жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген.

Бұл әр азаматтың қауіпті дертке шалдыққанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT