+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 700 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылғы 21 қазан 14:45
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 700 мыңнан астам адам вакцина алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 700 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды «Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды ШҚО-да биыл 900-ге жуық адам емханадағы тіркеуін ауыстырды

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 713 мың адам COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның толық курсын аяқтады. Ал 840 мың адам екпенің бірінші компонентін салдырған. Қазіргі уақытта аймақта вакцинаның үш түрі бар, атап айтқанда Спутник V, QazVac, Sinopharm.

«1 ақпаннан бастап облысқа коронавирусқа қарсы екпенің 1,7 миллионға жуық дозасы жеткізілді. Оның ішінде бірінші компоненттің 868 мың, екінші компоненттің 831 мың дозасы бар. Қазіргі уақытта егу пункттерінде бірінші компоненттің 28 мың дозасы, екінші компоненттің шамамен 118 мың дозасы қалды», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанның 747 мың тұрғынына вакцина салдыру жоспарланған болатын. Осылайша, аймақ вакцинациялау жоспарын 95 пайызға аяқтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT