Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 356.54 EUR 419.43
RUB 5.42 CNY 51.86
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда 7 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген Ресей азаматы сотталды

2018 жылғы 13 шілде 13:38 429
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 7 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген Ресей азаматы сотталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық соты екі елде қатар заңсыз зейнетақы алып келген Ресейдің 65 жастағы азаматына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Автобус өрті: Сот отырысында куәгерлердің тергеу кезіндегі жауаптары оқылды Жаңаөзендегі апатқа кінәлі азамат 5 жылға сотталды

Әйел Ресей Федерациясында 2008 жылдан бері жасқа бйаланысты зейнетақы алып жүргенін көрінеу жасыра отырып, 2011 жылдың қаңтарында өзіне зейнетақы берілуін сұрап, Қазақстан Республикасының құзырлы органдарына жүгінген. Ол басқа елде зейнетақы алмайтыны туралы жалған ақпарат берген.

Егде жастағы әйел 2011 жылдың 14 шілдесінен 2018 жылғы 31 мамырға дейінгі аралықта зейнетақы алып, мемлекетке ерекше ірі мөлшерде - 6,3 млн теңге материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады.

Бородулиха аудандық сотының үкімімен Ресей азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылды. Оған, қылмысын мойындап, шынайы өкінетінін ескере отырып, шарты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

 

 


Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059