+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырады

2020 жылғы 28 мамыр 19:05
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 6 920 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады

ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтованың айтуынша, ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі.

«Биыл 131 мың өтініш берілді. 2019-2020 оқу жылында облыс мектептерін 8 204 оқушы аяқтады, оның 84,4% (6 921 түлек) ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Ереже бойынша бағалау өзгермеген, міндетті және бейінді пәндер бойынша жүргізіледі. ЖОО қабылдау рәсіміне жаңашылдықтар енгізілген. Соған сәйкес оқуға түсуші шектік ұпай ала алмаса, бірінші сессия аяқталған уақыт аралығына дейін ақылы бөлімге оқуға тапсыруға құқылы. Бұдан әрі, студент жыл аралығында тест тапсыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ҰБТ нәтижесі бойынша сертификаттар қағаз түрінде емес, электронды нұсқада беріледі», - деді ол.

Зейнеп Мақсұтова өз сөзінде тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған және өз орнына бөтен адамды кіргізуге талпынған түлек сол тестілеуге жіберілмейтінін және жыл көлемінде ҰБТ тапсыра алмайтынын атап өтті.

«ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбалары талданады, түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда оның ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады. Сонымен қатар шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты ата-аналар, педагогтер, бөгде адамдар ҰБТӨП ғимараттары аймағына жіберілмейді. Тестілеуге қатысушылар арасында, баланың қозғалыс жолында, аудиторияларда сары жолақты бөгеттермен белгіленген 2 метр қашықтық сақталады. Санитарлық шаралар күшейтіліп, талапкерлер 5 түрлі залалсыздандыру шарасынан өтеді», - дейді департамент басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT