Шығыс Қазақстанда 6 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 6 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4-6 ақпан аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.


Соңғы жаңалықтар