Шығыс Қазақстанда 500-ден астам пәтер заңсыз жалға берілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жалға берілген 500-ден астам пәтер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер өңір аумағында «Учаске» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Соның аясында 267 000-нан астам пәтер, 206 000-ға жуық жеке тұрғын үй және 51 594 саяжай тексерілді. Бұдан бөлек, 5 691 шаруа қожалығында, қыстақтарда, базарлар мен өзге де сауда орындарында 1 784 рейд жүргізілді. Нәтижесінде, белгілі тұрғылықты жері жоқ 521 адам анықталған.

«Салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 501 фактісі тіркелді. Тиісті ақпарат Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Сонымен қатар ішкі істер органдарында есепте тұрған 37 000-нан астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді», - делінген хабарламада.

Әкімшілік жауапқа тартылғандар саны – 32 312 адамды құрап отыр. Заңсыз айналымнан тіркелмеген 31 атыс қаруы тәркіленген.

Айта кетейік, жедел алдын алу шарасы осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар