Шығыс Қазақстанда 42 гектарға жайылған алапат өрт ауыздықталды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында ірі дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамыз күні Самар ауданында шөп өртенген.

Жалпы ауданы 42 гектарға жеткен қызыл жалынмен күрес 3 күнге созылды.

«Бүгін сағат 13.45 шамасында өрт ауыздықталды. Тілсіз жауды сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің, Красногор және Қайынды орманшылықтарының, Сарыбел тірек пунктінің күш-құралдары жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт орман қоры мен елді мекендерге жетпеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілердің ірі дала өртімен күресіп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар