Шығыс Қазақстанда 4 адамды тұтқында ұстап, заңсыз жұмысқа салған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы адам саудасына қатысты жайттарды облыстық ІІД баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

30 жастағы азамат Семей қаласының полициясына шағымданып, осыдан екі жыл бұрын онша таныс емес адамдар оны бір ауданға алып кетіп, қыстауда заңсыз жұмысқа салғанын айтқан. Дәл осындай жағдай облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының басынан да өткен. Осыдан бес жыл бұрын ол көңілді дастарқан басында ішіп-жеп, ертеңінде өңірдің бір ауданында есін жиған. Содан бергі 5 жылда ол шаруа қожалығында құлдықта болып, өз еркінен тыс жұмысқа салынған. Ақыры ол аяқ-қолын үсітіп, еңбекке жарамай қалғанда, керексіз зат құсатып көшеге лақтырып кеткен.

ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мүдделі қоғамдық бірлестіктермен бірге халықтың қорғалмаған топтары арасында үнемі кездесулер өткізіп тұрады. Мұндай басқосуларда жұмысқа орналасу ережелері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі, кімнен және қай мекемеден көмек сұрау керектігі айтылады.

Ағымдағы жылдың басынан бері 15 жеңгетайлық фактісі анықталды,  оның ішінде үш жағдай интернет-ресурстардың көмегімен іске асырылған. 2 жағдай бойынша күдіктілер жезөкшелікпен айналысуға ғимарат берген, ал 4 факті адамдарды заңсыз жұмысқа салуға байланысты.  

Соңғы жаңалықтар