Шығыс Қазақстанда 38 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен есепші әйел ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда іздеуде жүрген медициналық мекеменің бас есепшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында сотқа дейінгі тергеу бойынша аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Меновное ауылы дәрігерлік амбулаториясының бас есепшісі ұсталып, Өскемен қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ол 38 млн теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару арқылы ақша ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды» делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар