Шығыс Қазақстанда 345 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 345 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 104 589 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 92 629 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3446 жүкті және 8514 бала емізетін әйел екпе алған», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 13 246 адам үшінші рет вакцина алып отыр. Ал жалпы Шығыс Қазақстанда 345 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті.


Соңғы жаңалықтар