Шығыс Қазақстанда 3425 жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3425 жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 104 383 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 92 464 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3425 жүкті және 8494 бала емізетін әйел екпе алған», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 13 мыңға жуық адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы стационарларда 300-ден астам науқастың коронавирустан емделіп жатқаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар