Шығыс Қазақстанда 33 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 33 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда. Облысқа қараша айының басында аталған екпенің 35 100 дозасы келіп түскен.

«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша 12-18 жас аралығында 30 мыңнан астам бала екпе алды. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 600-ге жуық жүкті және 2000-нан астам бала емізетін әйел екпе салдырған», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8,8 млн-нан астам адам салдырғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар