Шығыс Қазақстанда 30 мыңға жуық көшет отырғызылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 30 мыңға жуық көшет отырғызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жол картасы әзірленіп, бекітілген болатын.

Жол картасында облысты газдандыру, кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, жолаушылар көлігін жаңарту, қалдықтарды сұрыптау және қайталама пайдалану жүйесін енгізу, жасыл желек алаңын ұлғайту шаралары қамтылған.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, ауадағы зиянды шығарындының жалпы көлемін кем дегенде 7 пайызға төмендету жоспарланған.

«Биыл аймақ бойынша 30 мыңға жуық көшет отырғызылды. Атап айтқанда, шырша, қарағай, қайың, қарағай және шетен көшеттері. Оның 13 мыңнан астамы Өскемен қаласында. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Бұған коронавирус пандемиясы әсер етті», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар