Шығыс Қазақстанда 30-ға жуық жолаушы мінген автобус жолда қалған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында полиция қызметкерлері жолда қалған автобустың 30-ға жуық жолаушысына көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына «Алматы-Өскемен» тасжолында автобустың қозғалтқышы істен шыққаны туралы хабар түсті.

Онда жүргізуші мен оның көмекшісінен басқа 27 жолаушы болған.

Далада күн суық, жаңбыр жауып тұрған. Жылу жүйесі өшіп қалғандықтан, автобус салоны лезде суып кетті.

«Оларға көмекке тәртіп сақшылары Нұржан Мырзабаев, Ерік Тұрсынов және Қайсар Кабиров келді. Автобус жолаушылары Қаракөл ауылының маңында жол жөндейтін «Астана Авто Строй» ЖШС жатақханасына жеткізіліп, орналастырылды», - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері сынған автобусты ТҚКС-ке сүйреп апарып, жөндеуге қажетті бөлшектерді жеткізіп берді.

Өз кезегінде автобус жүргізушісі мен оның көмекшісі полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар