Шығыс Қазақстанда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жезкент кентінде 3 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ата-анасының қарауынсыз қалған бала терезеден құлап кеткен.

«Жезкент кентіндегі Октябрь даңғылында орналасқан жатақханада 2018 жылғы бала бесінші қабаттағы терезеден құлап түсті. Куәгерлердің айтуынша, алдымен терезеден мысық, содан кейін қыз құлап кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар бұл өңірдегі жыл басынан бергі екінші оқиға екенін атап өтті.

Көбіне жазатайым оқиғалар ата-аналардың қорғаныс құрылғыларын уақытында орнатпағанынан және балаларды жалғыз қалдырып, немқұрайлылық танытуынан болады.


Соңғы жаңалықтар