Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам адамды кене шақты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам адамды кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3102 адамды кене шақты.

Ең көп кенеден зардап шеккендер – Өскемен тұрғындары (1461). Одан кейін Риддер қаласы (629) мен Алтай ауданының (387) халқы тұр. Ал Зайсан, Самар және Ұлан аудандарында кенелердің белсенділігі ең төмен.

«Кене энцефалитіне шалдыққан 4 адам тіркелді. Үш жағдай Өскемен қаласында, біреуі Катонқарағай ауданында болып отыр. Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен оларға кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ», - делінген ақпаратта.


Фото: blog.doc.help

Соңғы жаңалықтар