Шығыс Қазақстанда 3 баланы көлік қағып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 3 баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 наурызда Шемонаиха қаласындағы Вокзальная көшесінде болды.

«Nissan Skyline көлігінің жүргізушісі 2007, 2013 және 2018 жылы туған үш баланы қағып кеткен. Түрлі дене жарақаттарын алған балалар аудандық ауруханаға жеткізілді. 25 жастағы ер адам ұсталып, изоляторға қамалды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне (Көлік жүргізушісінің абайсызда ауыр дене жарақатына әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар