Шығыс Қазақстанда 3 адам суға батып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында белгіленбеген жерде суға шомылған үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда шомылу маусымының қайғылы статистикасы жаңа трагедиялармен толықты. Барлық жағдайлар жабдықталмаған жағажайларда болды, ол жерлерде шомылуға рұқсат берілмеген және құтқарушылар кезекшілік етпейді.

17 шілде күні Бұқтырма су қоймасының Қызыл Ту өткелі ауданында 1981 жылы туған ер адам суға батып кетті.

18 шілде күні Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасының жабайы жағажайында 17 жастағы жігіт суға батып кетті. Қазіргі уақытта жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып кеткен адамды іздестіруде. Іздеу жұмыстарын судағы шөптердің көп болуы қиындатуда.

19 шілдеде Төменгі Тайынты ауылында 2006 жылы туған жасөспірім жабдықталмаған жерде суға батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді:

-демалыста өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болыңыз және суда жүру ережелерін сақтаңыз:

- жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз,

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- мас күйінде шомылмаңыз.

- белгісіз жерде суға секіру немесе сүңгу қауіпті

- суда дөрекі ойындарға жол бермеңіз. Шомылу кезінде шошытуға, көмек туралы жалған сигнал беруге және т. б. болмайды.

- ауа төсеніштерінде және үрленетін ойыншықтарда өте мұқият жүзіңіз, оларды жел немесе ағыс жағадан алыс алып, толқынмен басып кетуі мүмкін.

- жалғыз және қараңғы уақытта шомылмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112»нөміріне қоңырау шалыңыз.



Соңғы жаңалықтар